• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Category: Жаңалықтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАР НӘТИЖЕЛЕРІ

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 2022-2023 оқу жылына қабылданатын талапкерлерден 4S02120203-Киім дизайнері мамандығы бойынша 25.07.2022 ж. мерзімінде 1-ші шығармашылық емтихан және 27.07.2022 ж. мерзімінде 2-ші шығармашылық емтихан қабылданды. Шығармашылық емтихан нәтижелері төмендегідей

ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Ахмет Ясауи Колледжінің 2022 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл оқу орнын 300-ге жуық білім алушы тәмәмдады. Салтанатты шараға үздік диплом иегерлері, WorldSkills-2022 облыстық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім байқаулары мен спорттық жарыстарда топ жарғандар, колледж қабырғасында өзін белсенді танытқан бітірушілер шақырылды.
Диплом табыстау рәсімін Ахмет Ясауи Университетінің академиялық істері жөніндегі вице-ректоры Элмира Қайсарбайқызы Идрисова салтанатты ашып, түлектерге құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, іс-шараға биылғы түлектерді жұмысқа қабылдаған мекеме басшылары мен өкілдері шақырылды. Атап айтқанда:
🔸 Түркістан қалалық ветеринария бөлімі МКҚК басшысы — Момбеков Әбілқайыр;
🔸 Түркістан облысының Әділет департаментінің өкілдері — Бейсебек Гүлсезім, Құралай Мырзатаева;
🔸 «КӘУСАР» шайханасының басшысы — Абиева Қатира;
🔸 «RIXOS TURKISTAN» қонақ үйі ресторанының шеф-повары — Ахметшин Марат;
🔸 Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы — Төлебаев Ерасыл.
20-дан астам түлегіміздің практика барысында білікті маман ретінде білімі мен қабілеттерін көрсетіп, осы мекемелерге жұмысқа қабылданғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылданған түлектерге дипломдарды өздері табыстады.
Кеш соңы түлектерге арналған мерекелік іс-шараға ұласты.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын топтағы бос орындарға үміткерлер тізімі

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын ЕТБ-1120-1 және ВЕТ-0920-1 топтарындағы бос орынға сабақ үлгерімі жақсы нәтиже көрсеткен төмендегі ақылы топтағы оқушылар арасынан үміткерлер іріктелді. Іріктелген үміткерлердің үлгерім нәтижесі алқалы органда сарапқа салынып, таңдалған оқушыларға бюджет тобына ауыстыру туралы шешім шығарылады.

“Таза сессия” аясында студенттерден сауалнама алынды

“Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында “таза сессия” акциясы негізінде сынақ-емтихандар барысында әртүрлі мамандық студенттерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 137-студент қатысты.
Сауалнаманың басты мақсаты: Оқу орындарындағы емтиханның ашықтығын қамтамасыз ету мен білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу және ашықтықпен академиялық адалдықты қамтамасыз ету.
❗🔺Акция нәтижесі білім беру ұйымындағы оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды және білім ордасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу іс шаралары өтті!

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде білім алушылары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 2-қосымшасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларына» бітіруші түлектердің қорытынды аттестация және біліктілік тағайындау емтихандары басталды. Мамандықтың оқу жоспарын толық аяқтаған бітірушілерді емтиханға жіберу туралы бұйрығы шығарылды. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 25 тармағына сәйкес қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы кәсіпорындар мен жұмыс беруші мекемелердің білікті мамандарынан 65% және білім беру ұйымы өкілдерінен 35 % арақатынасында құрылған.
Қорытынды аттестаттау емтихандарына жауапты оқытушы кеңес сағаттарын өткізіп, әрбір сұрақты талқылап, сұрақтарға толық мәлімет береді. «Таза сессия» жобасының аясында қорытынды емтихандардың әділ өтуін қадағалау үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Емтихандарға жауапты тұлғалар мен хатшы тағайындалған кесте бекітіліп, барлық білім алушыларға таныстырылды. Оқытушылар мен оқушыларға қорытынды бақылау барысындағы ашықтық, академиялық адалдық талаптары мен жалпы тәртіптің сақталуы туралы ереже таныстырылды. «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің басшылығы — студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессия» өткізуді бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары аясында әділдікке қол жеткізуге шақырады.
Бақылау барысында емтихандардың өтуін бағалау мақсатында актілер толтырылып, қорытынды жазылады. Емтихан тапсырушы барша студенттерге сәттілік тілейміз!

WORLDSKILLS — 2022 TURKISTAN МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру орындарының арасында өткізілген WorldSkills-2022 облыстық чемпионаты аяқталды. Төрт күнге созылған байқауда 40-қа жуық колледждің студенттері шеберліктерін сынады.
Ахмет Ясауи Университетіне қарасты Ахмет Ясауи Колледжінің студенттері «МОБИЛЬДІ РОБОТОТЕХНИКА» және «АҚПАРАТТЫҚ КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕР» құзыреттіліктері бойынша I-орынды жеңіп алды. Екі команда мүшелері қараша айында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алды.
Сонымен қатар, «WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАР» және «ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН» мамандықтарынан қатысқан командалар 2-орынды жеңіп алса, «Аспазшы» құзыреттілігі бойынша бақ сынаған студентіміз арнайы медальонға ие болды. «Ветеринария», «Кондитер», «Мейрамхана ісі» және «Мобильді қосымшалар» құзыреттіліктері бойынша қатысушыларымыздың шеберліктері сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Чемпиондар мен жүлдегерлер облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қаржылай марапатталды және грамоталар мен медальдар тапсырылды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл!

Отанымыздың ұлттық мақтанышы — мемлекеттік рәміздерге арналады.
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі — мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!