• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Ішкі нормативті құжаттар

Оқу бөлімі әдіскерінің қызметтік нұсқауы

1.1.Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж филиалы оқу бөлімінің әдіскері (бұдан былай-әдіскер) мамандар санатына жатады. Бiлiм беру ұйымының оқу-әдiстемелiк жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжiрибелердi анықтау, жалпылау және енгiзу бойынша бiлiм беру ұйымының әдiстемелiк және пәндік (циклдiк) комиссиясы, бөлімше меңгерушілерінің жұмысын үйлестiредi. Оқу-әдiстемелiк құжаттамаларды дайындау жөнiндегi жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.

Бiлiм беру ұйымының әдiстемелiк, пәндiк (циклдiк) комиссиясының, бөлімше меңгерушілерінің жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжiрибелердi анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерiн, үздiк жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжiрибелерiн практикаға енгiзуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттер, әдістемелік нұсқаулықтар әзiрлеуге жәрдемдеседi.Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау курстарынан өткiзу және аттестаттаудан өткізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi. Ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттарын өткiзудi және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдiстемелiк кабинеттi жабдықтармен, көрнекi құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Белгiленген есептi құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етедi.

1.2.Әдіскер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын, оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау тәртібінің әдістемелік нұсқауын, университет, колледж регламенттерін, колледж директорының бұйрықтары мен өкімдерін, директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарының өкімдерін негізге ала отырып қызмет атқарады.
1.3.Әдіскер қызметіне оқу жұмысы бойынша директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарының келісімі бойынша директордың бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады.
1.4.Әдіскер белгілі себептермен қызмет орнында болмаған жағдайда, оның қызметтік міндетін белгіленген тәртіппен тағайындалған қызметкер толық жауапкершілігін ала отырып, жұмыстың сапалы, тиімді және уакытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
1.5.Әдіскер оқу жұмысы бойынша директордың оқу-жұмысы жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

Жатақханаға орналасу ережелері

«Түркістан Ахмет Ясауи» колледжінің жатақханаға орналасқан студенттерінің ішкі тәртіп ережелері

  • Жалпы ережелер
  • Жатақхананың ішкі ережелері оқу орнының әкімшілігімен құрылған және ол жатақхананың барлық тұрғындарына қатысты
  • Ішкі тәртіп ережелері жатақхананың алдағы тәртіптерін нығайтуға ықпал етеді
  • Жатақхана студенттердің оқу кезінде уақытша тұрғылықты орны болып табылады
  • Жатақхана бөлмелері керекті жиһаздармен және қажетті құралдармен жабдықталған
  • Жатақхананың және тұрмыстық бөлмелердің күн тәртібін оқу орнының әкімшілігі анықтайды
  • Жатақханаға кіру және шығу тәртібі
  • Жатақханаға кіру әкімшілікпен арнайы берілген рұқсатнамамен жүзеге асырылады
  • Жатақханаға орналасушы электроқұралдарды, тұрмыстық техникаларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырылады. Қауіпсіздік ережелерімен және тұру нормаларын комендант таныстырады. Жатақханаға орналасушы техника қауіпсіздік ережесі журналына тіркелу керек
  • Жатақхананың тұрғындары әкімшіліктің шешімінсіз бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға болмайды
  • Оқудан шығарылған жағдайда әкімшіліктің шешімі бойынша, шығару бұйрығы шыққан соң 3 күн ішінде жатақхананы босатуы тиіс
  • Оқуды аяқтап, қолына диплом алған кейін студент жатақхананы бір күн ішінде босатады
  • Жазғы демалыс және тәжірибе кезінде тұрғындар бөлмені, алынған төсек орынды комендантқа тапсырып, жатақхананы босатады
  • Тұрушылар тұру тәртібін бұзып және лайықсыз тәртіпсіздік фактілерін жіберу түрінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда жатақханадан шығарылады
  • Жатақхана тұрғындарының құқығы мен міндеттері
  • жатақхананың жүйеленген тұру тәртібін орындау
  • берілген бөлме мен ондағы құрал-жабдықтарды қолдану,бөлмені ұқыпты және санитарлық үлгіге сай ұстау
  • жатақхананың ішкі ережелерін қатаң сақтауға
  • бөлмесіне, жабдықтарына дұрыс қарау және электр энергияны, суды үнемдеуге
  • кестеге сәйкес күн сайын жатақхананың тұрғын жайларын, қажет болған жағдайда жатақхананың айналасын таза ұстау
  • мәдени шараларға қатысу және оларды ұйымдастыруға белсене араласу
  • өзінің жеке мүлкін сақтау
  • жатақхана ақысын келісімшартта көрсетілген уақыт бойынша төлеу
  • жатақханада орналасушылар сағат 23-00-де өз бөлмелерінде болуы тиіс
  • жатақханадан ұзақ мерзімге кету кезінде (ауырып қалу, демалыс) кезекшіге ескертіп, келу-кету журналына қол қойып белгіленіп кету
  • Жатақхананың тұрғындарына тыйым салынады:
  • жатақхананың тізімінде жоқ студенттерді, ата – анасын, туыстарын рұқсатсыз кіргізуге, бір түнге қондыруға
  • алкогольді ішімдікке
  • басқа бөлмелерге коменданттың рұқсатынсыз көшпеу
  • қоғамдық орындарда темекі тартуға
  • бөлмеде ит, мысықтарды басқа жануарларды ұстауға
  • терезеден қоқыстарды лақтыруға
  • терезеге заттарды және сөмкелерді ілуге
  • музыкалық аспаптарды қатты қоюға
  • 23.00-ден 07.00-ге дейін ән салуға, радиоқабылдағыштарды, теледидарды қатты қосуға және тұрғындар демалысына бөгет жасауға тыйым салынады
  • әкімшіліктің рұқсатынсыз дискотека құруға
  • өз қалауымен бөлмелердің кілттерін ауыстыруға болмайды
  • Алғыстар:
  • егер жатақхананың ішкі ержелерін сақтап, мәдени шараларға қатысып, жатақхананың жақсаруына ат салысса әкімшілік тарапынан алғыс жарияланады немесе сыйлықтар табыс етіледі
  • Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін төмендегідей жазалар қолданылады:
  • ескерту
  • сөгіс
  • жатақханадан шығарылу
  • Басқада шарттар:
  • Жатақхана қыздар және ерлер болып бөлінеді
  • Қыздар мен ерлер бөлек-бөлек қабаттарда орналастырылады және бөлек есіктен кіріп шығады
  • Жатақханада тұратын студенттердің бөлмесі мен заттарын қауіпсіздік, тазалық және жатақхана ережелеріне сәйкестігін анықтау мақсатымен топ жетекшілері,колледж медбикесі тексере алады
  • Жатақханаға тіркелген студенттер:
  • А: Сабақ басталған күннен бастап 20күн ішінде жатақханаға орналасқан студенттер бір жылдық жатақхана төлем ақысын 100%
  • Ә: Екінші айдың соңына дейін жатақханаға орналасқан студенттер жылдық төлем ақының 85%
  • Б: Екінші айдан кейін орналасқан студенттер жатақхана төлем ақысын 75%
  • В: Екінші семестірде жатақханаға орналасқан студенттер жылдық төлем ақының 50% төлейді
  • Жатақханаға тіркелген студенттер жатақханадан шығатын болса:
  • А: Оқу жылының алғашқы күнінен екінші аптаның соңына дейін жатақханада тұрған болса жылдық төлемақының 90%
  • Ә: Төртінші аптаның соңына дейін тұрғандар төлемақының 70%
  • Б: Сегізінші аптаның соңына дейін тұрғандар жылдық төлемақының 40% қайтарып ала-алады.
  • Ескерту төменде көрсетілген жағдайларға байланысты беріледі
  • А: Студентке лайықсыз қылықтар, іс-әрекеттер жасаса
  • Ә: Адамдармен қарым-қатынаста дөрекі және әдепсіз әрекеттер, жатақхана қызметкерлерінің намысына тиетін қылықтар жасаса
  • Б: Айналасын таза ұстамаса
  • В: Қатты дауыс шығарып айқайласа, музыкалық аспаптардың даусын қатты қойса,маңайындағылардың тынышын алса
  • Г: Жатақхана коменданты және тәрбиешілері талабын уахытылы орындамаса
  • Д: Студенттік жатақхан туралы міндеттемеде жазбаша түрде көрсетілген талаптарды орындамаса
  • Е: Бөлмеде тамақ пісіріп, электр пеші сияқты құралдарды пайдаланса
  • Ж: Жатақхана ішінде сауда-саттық жасаса жатақхана мүлкінің орнын рұқсатсыз ауыстырса
  • Қатаң сөгіс төменде көрсетілген жағдайларға байланысты беріледі
  • А: Ескерту берілген тәртіп бұзықшылықты қайталаса
  • Ә: Рұқсатсыз кету және 2-күн жатақханаға қонбау