• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Әдістемелік кабинет

Оқытушыларды қолдау үшін ақпараттық-әдістемелік базаны құру, олардың кәсіби біліктілігін және өздігінен білім алуын жетілдіру.

Әдістемелік кабинеттің міндеттері:

  • Пәндік комиссиялардың қызметтерін ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету;
  • Оқу барысына ақпараттандыру бағдарламасын енгізуде әдістемелік көмек көрсету;
  • Кәсіби-тұлғалық бағытта ақпаратты тұтыну сұраныстарын қанағаттандыру;
  • Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;
  • Жаңа педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша жұмысты жалғастыру;
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында оқытудың жаңа әдістерін белсенді енгізу;
  • Өздігінен білімін жетілдіру тақырыптарымен оқытушылардың жұмысын белсенді ету;
  • Әдістемелік жұмыстың түрлерін әр түрлі ету.
  • Білім беру барысында кешенді оқу-әдістемелік жасау және жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;
  • Озық педагогикалық тәжірибені, қазіргі заманның әдістемелерін және оқыту технологияларын оқу, жүйелендіру және тарату;
  • Жаңашыл, сараптамалық жұмыстарды, жаңашыл жобалардың іс-әрекетін дайындау және өткізу;
  • Педагогикалық қызметті жетілдіруде оқытушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
  • Педагогикалық қызметкерлердің, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта дайындауын ұйымдастыру;
  • Оқушылар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Колледждің тиімді жұмысы үшін мөлшерлік-құқықтық құжаттарын жасау;
  • Редакциялық-баспалық қызметті ұйымдастыру;
  • Оқушыларды оқытудың сабақтан тыс түрлерін жетілдіру.
  • Әдістемелік кеңес мәжілістері

    Мақсаты: Педагогикалық және оқытушы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру

  • «Жас маман» отырыстары

    Мақсаты: Іс жүзінде табысты қолдануы үшін, жас мамандардың кәсіби және ұстаздық ептіліктері мен машықтарын қалыптастыру.

  • Педагогикалық оқулар

    Мақсаты: Психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін арттыру

  • Біліктілік арттыру курстары, тағылымдары

    Мақсаты: Кәсіби – педагогикалық құзыреттілігін арттыру, жаңа өндірістік технологияларды, жабдықтарды оқу.

  • Оқытушыларды аттестаттау

    Мақсаты: Оқытушы мамандардың педагогикалық және кәсіби деңгейін арттыру, ұстаздық тәжірибелерді жалпылау және тарату.

  • Ғылыми–тәжірибелік конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу

    Мақсаты: Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және ғылыми – зерттеулік шамасын арттыру. Оқушылардың зерттеулік қызметін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Колледжде оқытушылар мен оқушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында 5 пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі: «Филологиялық», «Бағдарламалау және дизайн», «Агроөндірістік», «Гуманитарлық», «Әлеуметтік және педагогикалық» жұмыс істейді. Жыл сайын пәндік (циклдік) комиссия бірлестіктерінің тарапынан тиімді тәсілмен педагогтар қызметін ынталандыру, сондай-ақ студенттердің ой-өрісін кеңейту мақсатында оқытылатын пәндер мен болашақ кәсіби қызметтің пәндік апталығы, 10 күндік, айлық іс-шаралар өткізу арқылы қызығушылығын арттырады. Іс-шара барысында жастарға мәдени эстетикалық тәрбие беру бағытында ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары, сабақтан тыс іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кітапханада оқырмандар конференциясы, түрлі конкурстар ұйымдастырады. Айлық, апталық іс-шаралардағы оқытушылардың материалдарын жинақтап, әдістемелік жинаққа енгізеді.

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларын іске асыратын, жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестаттаудан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20618 сәйкес жылда, тұрақты өткізіп отыратын колледж оқытушыларын аттестаттау үрдісі. Аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар екі кезеңдік аттестаттаудан өтеді: 1 -кезеңде аттестатталушы Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырып, оң нәтиже беруі тиіс. 2-кезеңде аттестатталушы қызметкердің портфолиосын бағалау парағы бойынша іс-шаралардың нәтижелерін кешенді талдау қорытындысы біліктілік санатының талаптарына сәйкес келсе, кезекті және мерзімінен бұрын өте алады. Осы талапқа сай, 2019-2020 оқу жылының кезекті, мерзімінен бұрын біліктілік санаттарының аттестаттау мерзімінің келуіне сәйкес, жеке өтініштерін және еңбектегі жетістіктерін негізге ала отырып, 4 оқытушы аттестаттаудан өтті. Оқу орнының аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша мерзімінен бұрын аттестаттауға жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орнын «үздік» бітірген 2 оқытушыға «педагог-модератор» біліктілік санаты ұлттық біліктілік тестілеуінен өтпей берілді. Ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесімен кезекті аттестаттауға 2 оқытушы педагог-модератор біліктілік санаты берілді.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, санаты Саны
1 Ғылым кандидаттары 2
2 Жоғары біліктілік санаттағы оқытушылар 8
3 Бірінші біліктілік санаттағы оқытушылар 8
4 Екінші біліктілік санаттағы оқытушылар 14
5 Магистрлер 15
6 Үздік 4
7 Барлығы 51

Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Көптілділікті іске асыру – бүгінгі күннің талабы» тақырыбындағы аймақтық оқыту семинарында оқытушылардың «Өрмекші» ойынын тәжірибе жүзінде көрсету сәті.

Әдіскердің жас мамандармен «Жаңа сабақты өтуге сабаққа қажетті құралдар мен әдіс-тәсілдерді таңдау» тақырыбындағы семинарда әдіс-тәсілдерді үйрету сәті.

Жас мамандармен ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын талдау