Колледж кітапханасы – колледждің құрамды бір бөлігі.Ол білімгерлердің білім үйрену негіздеріне көмектеседі, бағыттайды. Оқу-тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды.
Колледж кітапханасы 2006 жылдан бастап оқырмандарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдісінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етеді. Бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы. Кітапханада 2018 жылдан бастап интернетті Wi-fi арқылы тарату іске қосылған. Колледжде yassaui_kolledj@mail.ru электронды поштасы және tayk.kz web — сайты қызмет етеді. Сайтта кітапхананың арнайы web – парағы ашылған. Web – парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға болады.
Кітапхананың жалпы ауданы 133,6 м2. Колледж кітапханасында екі оқу залы бар: біріншісі — ең соңғы үлгімен жабдықталған интернет желісіне қосылған 22 моноблок, 22 орынға арналған электронды оқу залы, ал екіншісінде — колледжде оқытылатын барлық мамандықтарға қатысты пән оқулықтары мен әдеби кітаптар орналастырылған. Электронды оқу залында білім алушылар мен оқытушылардың сабаққа дайындалуларына және анықтамалық басылымдардың, сондай-ақ мерзімді басылымдардың бай қорын пайдалануға болады. Ал интернет желісіне қосылған компьютерлерді кез-келген оқырман шектеусіз пайдалануына мүмкіншілік жасалған. Сонымен бірге, кітапханадағы принтер, интерактивті тақта мен проектор колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады. Оқырмандар «Жаңа кітаптар» айдарымен арнайы ұйымдастырылатын көрмеден жаңа келген кітаптармен, әдістемелік жаңалықтармен, мерзімді басылымдармен таныса алады. Кітапханада оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және интернет желісін белсенді пайдаланады.
- Оқырмандарға абонементте, оқу залында, электронды оқу залында сапалы да жылдам қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысы мен талаптарын барынша қанағаттандыру;
- Оқырмандардың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау;
- Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, кітаптарды насихаттауды, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлі формаларын қолдану, сондай-ақ компьютерлік технологияларды енгізу арқылы жетілдіру;
- Жаңа ғасырдағы жеке тұлғалардың қалыптасуына, адамзат баласының рухани дамуына, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;
- Кітапханалық-библиографиялық білім негізінде әңгіме, ауызша кеңес беру арқылы оқырмандардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеру;
- Кітапхананың кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;
Колледж әкімшілігі кітапхана қорының сапалы және толық жабдықталуына аса көңіл бөледі. Кітап – білім нәрімен сусындатар сарқылмас қазына, рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені десек, кітапхананың кітап қорында бүгінде 24168 дана кітап бар, ал электрондық оқулықтардың саны – 632. Сонымен бірге, колледж оқушыларына университет кітапханасындағы кітап қорын толық пайдалануға мүмкіншілік жасалған.
Кітапхана қорын толықтыру мақсатында колледж кітапханасына «ФОЛИАНТ», «NURPRESS », «Қазақ университеті», «Мектеп», «Эверо», «Альманах» т.б. баспаларынан мемлекеттік сатып алу арқылы жаңа кітаптар жеткізіледі, сондай-ақ түрлі мекемелер мен жекелеген оқырмандардың сыйға тартқан кітаптарымен толықтырылып отырады. Биылғы жылдың бірінші жартысында «Қазақ университеті» баспасынан 153, «Эверо» баспасынан 565, «ФОЛИАНТ» баспасынан 172, «Альманах» баспасынан 435 кітап сатып алынды. Бүгінде қорды толықтыруда кітапхана жаңа үрдісті қолдануда – ол Интернет желісімен электрондық поштаны пайдалану арқылы ірі баспалар мен кітап-сауда орталықтарының Интернет-кітап дүкендеріне кіруге, бар ассортиментімен танысуға, қажет оқулықтардың тізімін арнайы циклдік пән төрайымдарына таратып, тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Кітапханада жаңа оқу жылында қабылданған 1-курс білім алушыларына «Кітапханаға саяхат» ұйымдастырылады. Онда кітапханамен таныстырып, кітапты пайдалану ережелері және анықтамалық басылымдармен жұмыс жасау түрлері, электрондық оқулықтарды пайдалану және кітап қорындағы жалпы пәндер және арнайы пәндер бойынша оқулықтарды іздестіруге кеңестер беріледі.Сонымен бірге, кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, т.б. қызмет көрсету түрлерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу арқылы жеткізу мақсатында еліміздің ақын — жазушыларының шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған инновациялық- көпшілік шаралар, айтулы даталарға байланысты шаралар, жыл сайын жолданатын Елбасы Жолдауын насихаттау жұмыстары өткізіліп тұрады. Кітапханада қажетті есептеу-тіркеу және есептік құжаттанамалары жүргізіліп отырады. Кітаптар мен әдебиеттерге инвентарлық тіркеу жүргізіледі. Кітапханашылар оқу жылына жұмыс жоспарын құрастыруда оқу жоспарларын және колледждің оқу- әдістемелік, тәрбие жұмыс жоспарын басшылыққа алады және әр жарты жыл сайын кітапхана жұмысы туралы есеп беріп отырады.
Кітапхана қызметкерлері колледждің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Кітапханада көпшілік іс-шаралардың келесі түрлері:кітап көрмелері, ақпараттық хабарламалар, мерекелік кешке байланысты көрмелер, ақпарат сағаттары, тақырыптық көрмелер мен танымдық сағаттары және т.б. өткізіліп тұрады.